Accessibility links

Пәкістанмен шекарада 8 ирандық шекарашы қаза тапты


Ауғанстанмен шекараны күзетіп тұрған ирандық шекарашылар. (Көрнекі сурет).
Ауғанстанмен шекараны күзетіп тұрған ирандық шекарашылар. (Көрнекі сурет).

Иранның оңтүстік-шығысында Пәкістанмен шекараға жақын аймақта сегіз ирандық шекарашы сарбаз қаза тапты. Иранның жартылай ресми Fars агенттігінің хабарлауынша, шекарашыларға шабуыл 6 сәуірде мазасыз Систан және Белуджистан провинциясында болған. Қаза тапқан шекарашылардың төртеуі әскерде енді борышын өтеп жүрген сарбаздар болған.

Систан және Белуджистан провинциясы губернаторының орынбасары Али Ашгар Миршекари Иран ресми ақпарат агенттігіне "террористер" провинцияның Негур ауданында шабуыл жасаған соң "қайтадан Пәкістанға қашып кеткенін" айтады. Миршекаридің сөзінше, Иран билігі Пәкістан жағынан әскерилердің өліміне күдіктілерді ұстап, экстрадициялауды талап етіп жатыр.

Систан және Белуджистан провинциясы тұрғындарының көпшілігін сүннит мұсылмандары құрайды. Негізінен ирандық шииттерден тұратын қауіпсіздік күштері содырлар тарапынан жиі шабуылға ұшырайды.

Иранда соңғы рет 2013 жылдың қазанында болған мұндай шабуылдан 14 шекарашы қаза тапқан. Ол кезде шабуылды "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Джаиш әл-Адл" тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG