Accessibility links

Қазақстанда диабетпен күрес жобасы жұмысын бастады


Алматыдағы аурухана маңында тұрған жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы аурухана маңында тұрған жедел жәрдем көлігі. (Көрнекі сурет).

Қазақстанда бүгіннен бастап "Назар аударыңыз: Диабет қасыңызда!" деп аталатын жоба жұмыс істей бастады деп хабарлады Алматыда өткен баспасөз жиынында Қант диабетінен хабардар ету орталығының жетекшісі Наталья Тукалевская.

Оның сөзінше, қант диабетінің қауіптілігі оның зағиптық, инсульт, гангрена, және басқа да ауыр кеселдерге шалдығуға әкеліп соқтыруында. "Егер науқас салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс емделсе онда ол қант диабеті ауруымен қартайғанша өмір сүре алады" дейді Наталья Тукалевская.

Бұған дейін қант диабеті көбінесе егде жастағы адамдарда кездесіп келсе, қазір урбанизация процесіне байланысты жастар да бұл ауруға шалдыға бастаған.

Наталья Тукалевская осыған байланысты "Назар аударыңыз: Диабет қасыңызда!" жобасы ең алдымен жастарға арналғанын айтады. Жоба аясында бүгіннен бастап түрлі спорттық және мәдени шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстанда 2015 жылдың басында қант диабетіне шалдыққан 62 адам есепке алынған. Оның 29 мыңнан астамы Алматыда тіркелген.

XS
SM
MD
LG