Ақмола облысының Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан тұрғындарды ішінара эвакуациялау басталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары"агенттігі.
Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, 80 адам туыстарына көшіріліп, 16 үйден дүние-мүлік әкетілген. Қазір су басқан ауданда құзырлы органдар қызметкерлері кезекшілік жасап жүр. Құтқарушылар су басқан аймақта орналасқан №1 мектепті қорғау жұмыстарын жасауда.
Атбасарда өткен жылы сәуір айында болған су тасқынынан 350-ден астам үй бүлінген.