Accessibility links

БҚО-да 3 адам заңсыз миграцияға орай қамалды


Мәскеуде көкөніс базарында жұмыс істеп жүрген мигранттар. (Көрнекі сурет).
Мәскеуде көкөніс базарында жұмыс істеп жүрген мигранттар. (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облыстық соты жергілікті үш тұрғынды Өзбекстан азаматтарын Ресейге заңсыз миграциялаған деген күдікпен қамауға алуға санкция шығарды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті үш тұрғынға заңсыз миграция айыбы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Тергеу деректеріне қарағанда, күдіктілер еңбек мигранттарын Оралға жөнелтіп, одан ары шекарадағы бақылау бекетін айналдырып өткізіп Ресейге жіберіп отырған. Ресей жағында мигранттарды күдіктілердің сыбайластары күтіп алған.

Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстаннан жыл сайын ондаған мың адам Ресейге табыс табуға барады. Ресейде мигранттардың көпшілігі негізінен маусымдық жұмыстарды істейді.

Ресей соңғы уақытта миграциялық заңдарын қатаңдатып, орыс тілінен емтихан тапсыру мен мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат беруді қиындатып жіберген.

XS
SM
MD
LG