Accessibility links

Иран Йеменге әскери кемелер жөнелтті


Иран әскери-теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Хабиболла Саяйри.
Иран әскери-теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Хабиболла Саяйри.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Иран Йемен жағалауларына эсминец пен тағы бір кеме жөнелткен.

Иранның мемлекеттік Press TV телеарнасының Иран әскери-теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Хабиболла Сайяриге сілтеме жасап хабарлауынша, кемелер "теңіз жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" қарақшылармен күресу операцияларына қатысады.

Йеменде соңғы айда әскери іс-қимылдар күшейген. Сауд Арабиясы бастаған сүнниттік араб елдері коалициясы Йемендегі шииттік хусит көтерілісшілеріне әуеден соққы беріп, Йемен үкіметі әскеріне қару-жарақ тасымалдауда. Ливанда сөйлеген Йемен сыртқы істер министрінің орынбасары Мортеза Сармади Тегеранды екінші аптаға созылған "әскери кампаниясын" дереу тоқтатып, қақтығысты саяси жолмен реттеуге тағы шақырды.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф 8 сәуірде Пәкістан басшылығымен келіссөз жүргізу үшін Исламабадқа барды. Мұнда ол Сауд Арабиясының Пәкістанды хуситтерге қарсы коалицияға қосу туралы ұсынысын да талқыламақ.

XS
SM
MD
LG