Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадидің мәлімдеуінше, Ирак әскерінің ендігі ұрысы көпшілік бөлігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының бақылауында тұрған Анбар провинциясында болады. "Біз Тикритте жеңіске жеткендей Анбарда да салтанат құрамыз" деп жазды Абади Facebook-тегі парақшасында.
Ирак премьер-министрі үкімет күштері "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы операция бастаған 8 сәуірде Анбар провинциясына сапармен барған. Ирак әскерилерінің хабарлауынша, содырлар провинция астанасы Рамади қаласынан шығысқа қарай орналасқан Фаллуджа мен Сиджария аудандарынан ығыстырылған.
Әскерилер Сиджарияны азат етудегі мақсат жақын маңдағы Хаббания әскери-әуе базасына кедергісіз қару-жарақпен жабдықтау және содырлардың негізгі қалалар Фаллуджа мен Рамади арасындағы ықпалын әлсірету екенін айтады.