Accessibility links

Керри: Иранның хуситтерді қолдап отырғанын білеміз


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон Иранның Йемендегі шииттік хусит көтерілісшілеріне қолдау көрсетіп отырғанын білетінін хабарлады. АҚШ-тың PBS телеарнасына сәуірдің 8-інде берген сұхбатында Керри "Таяу Шығыста тұрақсыздық орнаса, я бір ел өзге мемлекетте ашық соғыс жүргізіп жатса АҚШ-тың қарап тұра алмайтынын Тегеран түсінуі тиіс" деп мәлімдеген.

Иран Йемендегі үкіметке тұрған өзге де көтерілісші топтармен бірге елдің біраз бөлігін, оның ішінде Сана қаласын басып алған шииттік хусит жасақтарына көмектесіп жатқанын жоққа шығарады.

Хуситтер осы айдың басында Йеменнің басты портты қаласы Аденге басып кірген соң осы қалада бас сауғалап жүрген президент Абд-Раббу Мансур Хади Сауд Арабиясына қашып баруға мәжбүр болған. Сауд Арабиясы бастаған сүнниттік араб елдері коалициясы 26 наурыздан бері Йеменде хуситтерге қарсы әскери әуе операцияларын жүргізіп жатыр.

Керри Вашингтон Ираннан қауіп төнетін елдерге қолдау көрсететінін және Иранның әрекеті салдарынан ол елдермен "достық пен одақтастық қатынасын үзбейтінін" ескертті.

Иран 8 сәуірде Йеменнің Аден портына "аймақтағы теңіз жолдарында қарақшылармен күресу үшін" ирандық екі әскери кеме жіберілгенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG