Accessibility links

ИМ Иракта үш мұнай кенішінен айырылды


Ирактың үкімет әскері Салахуддин провинциясында "Ислам мемлекеті" тобы шептерін атқылап жатыр. 4 наурыз 2015 жыл.
Ирактың үкімет әскері Салахуддин провинциясында "Ислам мемлекеті" тобы шептерін атқылап жатыр. 4 наурыз 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобынрың Иракта бірнеше ірі мұнай кеніштерін бақылаудан айырылуы содырларды маңызды табыс көзінен қақты.

Германиялық "Sueddeutsche Zeitung" басылымының жазуынша, өткен аптада Ирак әскері "Ислам мемлекеті" содырлары қолында болған ірі төрт мұнай кенішінің үшеуіне өз бақылауын қайта орнатқан.

Содырлар қазір бұған дейін өндірілген мұнай көлемінің тек бес пайызындай ғана пайда тауып отыр деп жазады Германия сыртқы барлау қызметіндегі дереккөзіне сілтеме жасаған басылым. Неміс арнайы қызметінің дерегінше, "Ислам мемлекеті" Ирак әскері жүргізген операциялар барысында Химрин және Аджил кеніштерін бақылаудан айырылған.

"Ислам мемлекеті" тобы әзірге Ирактың солтүстігіндегі күніне екі мың баррель мұнай бере алатын Кайара кенішіне иелік етіп тұр.

Басылым негізгі табыс көздерінен айырылған "Ислам мемлекеті" тобының мұнай сатуы қиын дейді.

XS
SM
MD
LG