Accessibility links

AI: Сепаратистер украин тұтқындарын өлтірген


Донецк облысындағы украиналық әскерилер. Украина, 3 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Донецк облысындағы украиналық әскерилер. Украина, 3 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистердің тұтқынға түскен украин сарбаздарын "өлтіргенін дәлелдейтін жаңа айғақтар" туралы мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, олардың қолдарындағы сепаратистер тұтқынына түскен украин әскерилері туралы видеолар мен суреттерде "тұтқындардың басы мен кеуде тұсынан тиген оқ іздері бар". Бұған қоса куәгерлер сепаратистер командирінің "украин әскери қызметкерін атып өлтіргенін" айтып берген.

AI директорының Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша орынбасары Денис Кривошеевтің мәлімдеуінше, тұтқынға алынғандар мен жаралыларды азаптау және өлтіру әскери қылмыс саналады. Ол мұндай қылмыстар мұқият, жедел және әділетті түрде тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс дейді.

Бұған дейін сепаратистер командирлерінің бірі Арсений Павлов Kyiv Post газетіне тұтқынға түскен 15 украин сарбазын өлтіргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG