Accessibility links

Украина коммунизм мен нацизмді насихаттауға тыйым салды


Украиналық суретші Юрий Нерослик салған Владимир Ленин, Йосиф Сталин мен Адольф Гитлердің суреті. (Көрнекі сурет).
Украиналық суретші Юрий Нерослик салған Владимир Ленин, Йосиф Сталин мен Адольф Гитлердің суреті. (Көрнекі сурет).

Украина парламенті - Жоғарғы Рада "тоталитарлық коммунистік және нацистік ирежимдерді насихаттауға" тыйым салатын заң жобасын бекітті. 9 сәуірде өткен дауыс беруде 450 депутаттың 254-і заң жобасын қолдады.

Құжат бойынша, Украинаны 1917 жылдан 1990 жылға дейін басқарған коммунистік үкімет қылмыскер және мемлекеттік террор саясатын жүргізді деп танылады. Бұған қоса коммунистік және нацистік символдарға да тыйым салынады. Яғни, Владимир Ленин ескерткіштері бұзылып, совет дәуіріндегі басқа да символдар жойылады деген сөз.

Заңда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Украинаның көпшілік бөлігін басып алған нацистік режим мен оның символдарын насихаттауға да тыйым салынған.

Үкімет ұсынған заң жобасы ол ақпарат құралдарында жарияланған кезде, тіпті 10 сәуірде-ақ күшіне енуі мүмкін.

Украина парламенті 9 сәуірде бұл заңнан өзге 20 ғасырда Украинаның тәуелсіздігі үшін күрескендердің, оның ішінде нацистік Германия мен совет билігіне қарсы тұрғандардың құқықтық мәртебесі мен оларды еске алу туралы заң жобасын да мақұлдады.

XS
SM
MD
LG