Қарағанды облысының Абай ауданында су басқан көшелер мен аулалардан су шығарылып, қазір су деңгейі түсті деп хабарлады бүгін облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Қалада 9 сәуірде қардың бірден жаппай еруінен көшелерде, үй аулалары мен ойын алаңдарын су басып, қозғалыс қиындаған.
Департамент Құлайғыр ауылында бөгеттегі суағызғыш жұмысы жақсартылып, су деңгейі түскенін және су басу қаупі жойылғанны айтады.
Наурыз айының соңында да облыстың бірнеше елді мекенінде ондаған үй-жай, көшелер мен жолдарды су басқан еді.