Accessibility links

Белсенділер Алматыда Георгий лентасын тақпауды сұрады


Георгий лентасынан бас тарту
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00

ВИДЕО: Георгий лентасынан бас тартуды сұраған белсенділер Алматы әкімдігіне хат әкеле жатыр. Алматы, 10 сәуір 2015 жыл.

Бүгін Алматыда бір топ азаматтық белсенді қала әкімі Ахметжан Есімовтің атына Георгий лентасын тағуды тоқтатуды сұрап хат тапсырды.

Бір топ қоғамдық белсенділердің хатын әкімнің кеңсесі қабылдап алды. 20 адам қол қойған хатта белсенділер Есімовтен Алматыдағы мектептерде 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Георгий лентасын таратқызбауды сұраған. Олар Алматыда 9 мамырда Ресей империясы мен советтік кезеңнің әскери символы болған әулие Георгий лентасының орнына көк түсті лента тағып шығуды ұсынады.

Белсенді Ботагөз Зарқынқызының айтуынша, сарғыш-қара түсті Георгий лентасы бұрын "Ресейде отарлау ісіне еңбегі сіңгендерге берілгендіктен" және Ресей Қырымды тартып алып, Шығыс Украинадағы жанжалға киліккенде сепаратистер қолданғандықтан Қазақстанда оны тағудың жөні жоқ.

"Мұның орнына тұрғындардың Қазақстан туымен үндес көк түсті лента таққаны жөн" дейді белсенді.

XS
SM
MD
LG