Accessibility links

Олимпиадаға іріктеу жарысы Астанада өтеді


Грек-рим күресі (Көрнекі сурет)
Грек-рим күресі (Көрнекі сурет)

Біріккен күрес одағы (UWW) шешімімен күрес түрлерінен Рио-де-Жанейро олимпиадасына іріктеу жарысының бірі Астанада өтеді. 

Іріктеу жарысы кезінде грек-рим күресінен, еркін күрестен және әйелдер күресінен олимпиада лицензиялары сарапқа салынады. Астанадағы турнирге Азия елдерінің балуандары қатысады. 

Астанадағы жарыс 2016 жылдың көктемінде өтеді. 

Екінші іріктеу жарысын өткізу құқығын Улан-Батор (Моңғолия) қаласы иеленді. 

Рио-де-Жанейро олимпиадасы 2-21 тамыз аралығында болады. Қазақстанда әзірге бір жолдама бар. Оны боксшы Берік Әбдірахманов иеленген. 

XS
SM
MD
LG