Accessibility links

Мәскеу Солтүстік Еуропаның НАТО-мен жақындасуына алаң


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей ішкі істер министрлігі Финляндия мен Швецияның НАТО-мен жақындасуын "ерекше алаңдатушылық тудыратын қадам" деп бағалады. Бұдан бірнеше күн бұрын норвегиялық Aftenposten басылымы Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания және Исландия қорғаныс министрлерінің "Солтүстік Еуропада Ресей әрекеттерінен туындайтын дағдарыстар мен төтенше оқиғаларға дайын болу қажет" екенін мәлімдегенін хабарлады.

Ресеймен шектес Швеция мен Финляндия НАТО-ға кірмегенімен, бұл әскери одақпен ынтымақтастығын күшейткен. Финляндия премьер-министрі Александр Стабб Ресей сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін "таңғалмайтын реакция" деп атап, "қаруын жарқылдатып сес көрсету" деп бағалады.

Aftenposten басылымында 9 сәуір күні жарияланған мақалада Солтүстік Еуропа елдері қорғаныс министрлері "Ресей билігінің әрекеті Мәскеудің саяси мақсатқа жету үшін әскери тәсілді пайдалануға дайын екенін көрсетеді" деген пікір айтқан.​

XS
SM
MD
LG