Accessibility links

ШҚО, Қарағанды, Павлодарда бірнеше ауылды су басты


Саржал ауылындағы су тасқыны. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 13 сәуір 2015 жыл. Суретті жергілікті ауыл тұрғындары жіберді.
Саржал ауылындағы су тасқыны. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, 13 сәуір 2015 жыл. Суретті жергілікті ауыл тұрғындары жіберді.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында бірнеше ауылды еріген қардың суы басты. Зардап шеккендер жоқ.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі мыңдай тұрғыны бар Саржал ауылының әкімі Ұлан Өміртай Азаттық тілшісіне әзірге «тұрғындарды эвакуация жасап жатпағандарын; 65 үйдің ауласына, 13 үйдің ішіне су кіргенін; мал шығынын анықтауға мұршалары болмай жатқанын» айтты.

Бұдан басқа, Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты «Теңдік» ауылында су басып қалған. Бірақ бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Абай Дәулетқалиев егжей-тегжейлі айтудан бас тартты.

«Бұл туралы тек мен ғана айта алам» деген Дәлетқалиев «Қазір уақытым жоқ. Маған біреулер келу керек. Кейінірек хабарлас» деді.

Қарағанды облысында да бірнеше елдімекенді су алып кеткен. Облыстағы Нұра ауданындағы Токаревка ауылын су басып, сәуірдің 13-іне ауған түні 140 адам Теміртаудан 30 километр қашықтықта орналасқан "Самал" санаторийіне эвакуацияланған.

Қарқаралы ауданындағы Сарытөбе ауылын да су басып қалды. Бұл ауылдан 400 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл облыстағы Қарақоға, Юбилейное, Көксу, Северное, Қайрақты, Қарағайлы ауылдарынан да тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүрген. Өңірдегі су бөгеттерін төтенше жағдай қызметкерлері бақылауға алған.

Толығырақ ақпаратты Азаттықтың «Су алған өңірлерден мыңдаған адам көшіріліп жатыр» мақаласынан оқи аласыз.

XS
SM
MD
LG