Accessibility links

Божко: Тағы 20 елді мекенді су басуы мүмкін


Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Астана, 14 сәуір 2015 жыл.
Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко баспасөз мәслихатында сөйлеп отыр. Астана, 14 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі қызыл суға қатысты ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко сәуірдің 14-і күні Астанада журналистерге түсініктеме берді.

Божконың айтуынша, соңғы бір аптаның ішінде Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында елу елді мекенді су басып, 11 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Тұрғындардың 1265-і үйлеріне қайта оралса, 9907-сі арнайы орындарда тұрып жатыр. Тасқыннан 15 шақырымға жететін жол шайылып, 5 көпір бүлінген. Владимир Божконың Азаттыққа айтуынша, қызыл су қаупі әлі сейілмеген.

– Тек Қарағанды облысында 20 елді мекеннің тұрғындары көшіріліп жатыр. Бұл жерде 5 ауылды тұтастай қызыл су шайып кетуі мүмкін. Ақмола облысында Нұра өзенінің бойындағы он шақты елді-мекенге қауіп бар. Астананың айналасындағы ауылдарға да су кіреді. Төтенше жағдайдың алдын алып жатырмыз – дейді ол.

Қызыл судан келген шығын көлемі әзірге анықталмаған. Владимир Божко Қарағанды облысындағы селге секіріп өлген ер адамның психикалық есепте тұрған-тұрмағаны анықталып жатқанын айтады. Оның сөзінше, бұдан басқа адам шығыны жоқ.

Күннің күрт жылынуынан пайда болған қызыл судың алдын алуға 4515 маман, 1221 арнайы техника жұмылдырырылған.

XS
SM
MD
LG