Accessibility links

Назарбаев Total басшысымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 13 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 13 сәуір 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев француздың Total мұнай компаниясының президенті Патрик Пуяннемен кездесті деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде компнаия мен Қазақстан үкіметі арасындағы ынтымақтастықты нығайту жайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланған.​ Назарбаев Қазақстан компаниямен достық қарым-қатынастар мен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыра беретінін айтқан.

Total компаниясы Қазақстанның мұнай саласында 1993 жылдан жұмыс істеп келеді. Компания Қашаған мұнай кенішін игеру жұмыстарын жүргізіп жатқан North Caspian Operating Company консорциумының 16,81 пайыз үлесіне ие.

XS
SM
MD
LG