Accessibility links

Борышкерлер наразылығы әлі жалғасып жатыр


Астананың орталығында наразылық танытып жатқан борышкерлер. Астана, 10 сәуір 2015 жыл.
Астананың орталығында наразылық танытып жатқан борышкерлер. Астана, 10 сәуір 2015 жыл.

Астанада "ипотекалық несиеге үй алдық" деген ондаған борышкер үкімет үйіне жақын тұста президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестіруді талап етіп әлі тұр. Қазақстанның бірнеше облысынан жиналған борышкерлер Ақорданың дәл қарсысындағы бульварға келіп, таңнан кешке дейін тұрады.

Банкке қарызымызды қайтара алмай жүрміз деген борышкерлер сайлауалды бағдарламасына борышкерлер мәселесіне қатысты ұсыныстарын қостыру үшін Назарбаевпен кездестіруді талап етеді.

Борышкерлерді полицейлер сырттай бақылап жүр. Өткен аптада борышкерлемен жолығуға Ұлттық банк өкілдері бірнеше рет барған. Банк өкілдері мемлекеттің ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы биыл мамыр айынан жұмыс істей бастайтынын айтқан. Прокуратура өкілдері борышкерлерге рұқсат етілмеген акцияға қатысуға болмайтыны туралы ескерту жасаған.

XS
SM
MD
LG