Accessibility links

Сот ЖСДП шағымын қанағаттандырмады


Адвокат Сергей Уткин Бостандық ауданының сотында ЖСДП қорғаушысы болды. Алматы, 14 сәуір 2015 жыл.
Адвокат Сергей Уткин Бостандық ауданының сотында ЖСДП қорғаушысы болды. Алматы, 14 сәуір 2015 жыл.

Алматы қалалық Бостандық аудандық соты 14 сәуірде Жалпы ұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Алматы қалалық мәслихаты үстінен түсірген талап арызын қанағаттандырмады.

ЖСДП бұған дейін Алматыда жаңадан құрылған сайлау комиссияларының құрамына өз мүшелікке өз өкілдерінің өткізілмей қалғаны үшін қалалық мәслихат үстінен шағым түсірген. ЖСДП өкілдерінің айтуынша, партия қаладағы 43 сайлау комиссиясының 23-інің құрамына өз өкілдерін ұсынғанымен, мәслихат комиссия құрамына партия емес, басқа қоғамдық бірлестік өкілдерін өткізген.

ЖСДП адвокаты Сергей Уткиннің айтуынша, заңды түрде тіркеліп, арнайы өкіл ұсынып отырған партия тұрғанда қоғамдық бірлестіктерді сайлау комиссиясының құрамына жіберу - заңға қайшы. Мұндайда қоғамдық бірлестік өкілдерін сайлау бюллетеніне тіркеудің өзі заңсыз. Сондықтан ЖСДП өкілдері сайланбаған 23 сайлау комиссиясын сайлауды заңсыз деп тануды сұрады.

Алайда сотқа жауапкер ретінде келген Алматы қалалық мәслихатының депутаты , Алматы қаласында сайлау комиссиясын құру бойынша материалдар әзірлеуге арналған уақытша комиссия төрағасы Виктор Бөлекбаев пен мәслихат атынан қатысқан адвокат Владимир Голфаст ЖСДП-ның талап арызы жалаң сөздерге ғана құрылғанын, шын мәнінде сайлау әділ өткенін алға тартты.

ЖСДП-ның Алматы қалалық партия бөлімшесінің төрағасы Тазабек Сәмбетбайдың Азатттық тілшісіне айтуынша ЖСДП сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым түсіруі мүмкін.

«Сайлау туралы» заңға сәйкес саяси партиялар ұсынған кандидаттар бойынша мәслихаттар сайлау комиссияларын құрып, олар бес жылға сайланады. Қазақстанда былтыр, 2014 жылы сәуір айында анықталған сайлау комиссиясы 2019 жылға дейін жұмыс істейді. Жаңадан жасақталған аудандарда мұндай сайлау биыл өткізілген.

XS
SM
MD
LG