Accessibility links

Шведова Колумбиядағы жарыстың екінші кезеңінде


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Copa Colsanitas жарысын жеңіспен бастады.

Әлемнің 74-ракеткасы саналатын Шведова алғашқы раундта 21 жастағы украиналық Марина Заневсканы (әлемнің 121- ракеткасы) 6:4, 6:7, 6:2 есебімен жеңді.

Енді ол екінші раундта 19 жастағы америкалық Сачия Викеримен (139-ракетка) кездеседі.

Колумбиядағы жарыс 19 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG