Accessibility links

АҚШ-та наразы адам конгресс алдына аппарат қондырды


АҚШ конгресі ғимараты. (Көрнекі сурет)
АҚШ конгресі ғимараты. (Көрнекі сурет)

Вашингтон полициясы сәуірдің 15-і күні конгресс ғимараты алдындағы алаңқайға ұшатын аппаратпен қонған Флорида штатының тұрғыны, 61 жастағы Даг Хьюзді тұтқындады. Хьюз "демократияға нұқсан келтіретін қазіргі сайлауды қаржыландыру жүйесіне" наразылығын осындай акциямен білдірмек болғанын айтады.

Даг Хьюз Вашингтоннан 65 километр қашықтықтағы Пенсильваниядан тікұшаққа ұқсас шағын аппаратпен әуеге көтерілген. Ол Вашингтонның үстімен жекеменшік ұшу аппараттарына тыйым салынған аумақтан ұшып, конгресс алдына қонған сәтте ұсталған. Енді оған қылмыстық айып тағылуы мүмкін.

Почтальон болып жұмыс істейтін Хьюз акция барысында конгрестің 535 мүшесіне хат жеткізбек болғанын айтқан. Хат авторы АҚШ-тағы саяси жүйені "ақшаның іріткі салатын ықпалынан" тазарту үшін сайлау кампаниясын қаржыландыруды реформалауды талап еткен. Даг Хьюз акция өткізетінін ақпарат құралдарына күнібұрын хабарлағанын айтады.

XS
SM
MD
LG