Accessibility links

Путин: Санкция Ресейді артқа тарту үшін салынған


Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде. Мәскеу, 16 сәуір 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин тікелей эфирде. Мәскеу, 16 сәуір 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин батыс елдерінің Ресейге Украинадағы қақтығыстардағы рөлі үшін салған санкциялары "Ресейді жазалау үшін жасалған шара" деп мәлімдеді. Путин бұл сөзін бүгін Мәскеуде мемлекеттік телеарналардан берілген жыл сайынғы дәстүрлі тікелей трансляция кезінде айтқан.

Ол санкциялардың мақсаты - Ресейдің "аяғын тұсау" екенін айтып, санкция жақын уақытта алынбауы мүмкін деген.

АҚШ пен Еуропа Одағы санкциялар Ресейдің Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алып, Донбастағы қақтығыстарға араласу саясатынан бас тартқызу үшін салынған дейді. Шығыс Украинадағы былтыр сәуірде басталған үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыстан алты мыңнан аса адам мерт болған.

Путин Ресей Минскіде жасалған Шығыс Украинадағы қақтығысты тоқтату режимі шарттарын "орындап отырғанын" айтып, санкциялардың "Украинадағы жағдайға еш байланысы жоқ" деді.

Путин Ресей санкцияны экономикада "жаңа табыстарға жетуде тиімді пайдалануы тиіс" деген.

XS
SM
MD
LG