Accessibility links

Қарағанды облысында алғашқы көмек таратылды


Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.
Садовое ауылындағы су тасқыны. Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы. 15 cәуір 2015 жыл.

Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына алғашқы көмек келіп жатыр. Бұл туралы осы ауданда жүрген Азаттық тілшісі хабаралады.

Теміртау, Қарағанды қалаларынан және облыстың басқа да аудандарынан келген көмектерді еріктілер таратып жатыр. Бұқар жырау ауданындағы Садовое ауылына облыстағы кәсіпкерлер киім-кешек және азық-түлік әкелген.

Астанадан "Ақ жол" партиясының өкілдері де оқиға орнына барып, киім-кешек пен тамақ таратқан.

Алматыда да Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға гуманитарлық жәрдем шарасы ұйымдастырылып, тұрғындар азық-түлік, киім-кешек, көрпе сияқты ең қажетті заттарды "Арман" кинотеатрындағы көмек жинау орталығына әкеліп жатыр.

19 cәуірде қазақстандық әншілер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде қайырымдылық концертін ұйымдастырмақ.

XS
SM
MD
LG