Accessibility links

Ресей қорғаныс министрі АҚШ-ты айыптады


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақта) мен Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов. Мәскеу, 16 сәуір 2015 жыл.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақта) мен Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов. Мәскеу, 16 сәуір 2015 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу АҚШ-ты "революцияларды қаржыландырып, Ресейді тұсау үшін НАТО-ны кеңейту арқылы халықаралық қауіпсіздікке нұқсан келтіріп отыр" деп айыптады.

Мәскеудегі халықаралық қауіпсіздік мәселесіне арналған жиында сөйлеген Шойгу "әлемдік тәртіпті өзгерту қажетін" де айтқан. Ол сөзінің біраз бөлігін "АҚШ тарапынан төнетін қауіпке" арнаған. АҚШ пен оның одақтастарын меңзеп: "Кейбір елдердің негізгі мақсаты - Ресейді мәдениеті мен тарихы арқылы байланыс орнатқан елдерден алшақтату" деп мәлімдеген Шойгу.

Оның сөзінше, "қырғи-қабақ соғыста өздерін жеңіске жеттік деп санайтын кейбір елдер өзгелерге нұсқау бергісі келеді".

Сергей Шойгудің пікірлері Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың сөзімен үндес шықты. Конференцияда сөйлеген Герасимов та "НАТО-ның әскери әлеуетінің артып келе жатқанына» және Вашингтонның «әлемді өз қалауымен құру» шешіміне алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG