Иранда мыңдаған мұғалім жалақыны көбейтуді талап етіп, бейбіт шеруге шықты.
Иранның жартылай ресми ILNA агенттігінің хабарлауынша, бейбіт шерулер жиырмадан аса қалада, оның ішінде ел астанасы Тегеранда да өткен. Шерулердің ең ірісі білім министрлігі ғимаратының алдында болған.
Мұғалімдер жалақыларын көбейтумен қоса бұған дейін осыған ұқсас шерулерде қамалған әріптестерін босатуды да талап еткен.
Соңғы айларда ирандық мұғалімдер жалақының аздығына және өмір сүру жағдайларының қиындығына байланысты бірнеше рет наразылық танытқан.
Ақпан айында мұғалімдер Иран парламентінің спикері Әли Ларижаниге алты мың адамның қолы қойылған петиция жолдаған.