Accessibility links

Лукашенко 9-мамыр күні Мәскеудегі парадқа қатыспайды


Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко екінші дүниежүзілік соғыста нацистік Германияны жеңгенге 70 жыл толуына байланысты мамырдың 9-ында Мәскеуде өтетін парадқа бармайды, ол сол күні Минскіде мерекелік парадқа қатысады. Бұл туралы сәуірдің 18-і күні журналистерге Лукашенконың өзі мәлімдеген.

Өз айтуынша, ол «бұл жеңісті бағалайтын орыс халқы және өзгелермен бірге ынтымақтастық таныту» үшін Ресей астанасына 7-8 мамырда болуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге Лукашенко Мәскеудегі мерекеге қатысудан «амбицияларына бола бас тартқан» саясаткерлерді қолдамайтынын айтқан. «Ондай шаралар өз мемлекеттерінде өтетіні себепті бара алмаудың жөні бір басқа, бірақ бұны Ресейге қарсы шығу мақсатымен ғана жасау дұрыс емес» деген ол.

Мамырдың 9-ы күні Мәскеуде өтетін Жеңіс күні парадына 20-дан аса елдің өкілдері келетіндерін растаған. Олардың арасында Қытай, Солтүстік Корея, Үндістан бар.

Ал әлемдегі көптеген елдердің басшылары, атап айтқанда АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Нидерланд королі Виллем-Александр және премьер-министрі Марк Рютте, Норвегия үкіметінің жетекшісі Эрна Сольберг, Финляндия президенті Саули Ниинистё, Польша президенті Бронислав Коморовский және басқалар Мәскеудегі мерекелік шараға қатыса алмайтындарын білдірген.

Еуропа кеңестінің төрағасы Дональд Туск «Украинаның шығысында бейбіт елге қару қолданған адаммен әскери парадта қатар тұрғысы келмейтінін» мәлімдеген.

Ресей Украинаның шығысында сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деген батыс елдері мен Киевтің айыптауларын Мәскеу жоққа шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG