Колумбияның Богота қаласында өтіп жатқан Copa Colsanitas теннис жарысының жартылай финалында қазақстандық Ярослава Шведова алаң иесі Мариане Дуке-Мариноны (әлемнің 134-ракеткасы) ұтты.
Шведова мен Дуке-Марино арасында 2 сағат 13 минут жалғасқан бұл ойындағы үш сеттегі есеп 6:4, 3:6 және 6:4 болып қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған.
27-жастағы Ярослава Шведова енді финалда бразилиялық теннисші Телиано Перейрамен (130-ракетка) кездеседі. Перейра жартылай финалда украиналық Элина Свитолинадан басым түскен.
Жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Copa Colsanitas жарысы бүгін, сәуірдің 19-ы күні аяқталады.
Ярослава Шведова WTA категориясына енетін турнирдің финалына алғаш рет 2007 жылы шыққан. Сол жылы ол Италияда өткен Bangalore Open жарысының финалда Мара Сантангелоны жеңген.