Accessibility links

Қазақстандық теннисші Шведова финалда жеңілді


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбиядағы жарыста. Богота, 17 сәуір 2015 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбиядағы жарыста. Богота, 17 сәуір 2015 жыл. (Сурет жарыстың ресми сайтынан алынды)

Колумбияның Богота қаласында аяқталған Copa Colsanitas теннис жарысының финалында қазақстандық Ярослава Шведова (74-ракетка) бразилиялық Телиано Перейрадан (130-ракетка) екі сетте жеңілді - 6:7, 1:6.

Матч 1 сағат 22 минутқа созылды. Осылайша, бразилиялық теннисші өз карьерасындағы алғашқы жарысын ұтып алды.

Шведова Боготадағы жарыстың финалына шығу арқылы WTA рейтингіндегі көрсеткішін жоғарлатты. Ол 74-орыннан 56-орынға көтерілді.

Ярослава Шведова WTA категориясына енетін турнирдің финалына алғаш рет 2007 жылы шыққан. Сол жылы ол Италияда өткен Bangalore Open жарысының финалда Мара Сантанджелоны жеңген.

XS
SM
MD
LG