Мәскеудің округтік әскери соты оппозицияшыл журналист Борис Стомахинді терроризм және экстремизмге шақырды деген айыппен жеті жылға соттап, бес жыл мерзімге дейін журналистік қызметпен айналысуына тыйым салды.
Борис Стомахин бұған дейін екі рет, ұлтаралық алауыздықты қоздыру, экстремизмге шақыру, Ресейдің территориялық тұтастығына қауіп төндіру айыптары бойынша 2006 жылы бес жылға, 2014 жылы алты жарым жылға сотталған. Сәуірдің 20-сында кесілген жаза алдыңғы жазасына қосылып, барлығы жеті жылды құрайды.
Стомахин сотталғанға дейін Kavkazcenter.com сайтында Мәскеудің Солтүстік Кавказдағы саясатын сынап мақалалар жазған. Солтүстік Кавказдағы исламшыл бүлікшілерге қатысы бар Kavkazcenter.com сайтының материалдары Ресейде экстремистік деп танылған.
Стомахин тағылған айыптарды мойындамайды және өзіне қарсы істің саяси астары бар деп санайды.