Accessibility links

Ақмолада тасқыннан 500 адам эвакуацияланды


Су басқан Ағанас ауылына қатынап жүрген қайық. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, 20 сәуір 2015 жыл.
Су басқан Ағанас ауылына қатынап жүрген қайық. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, 20 сәуір 2015 жыл.

Ақмола облысының төрт елді мекенінде су басу қаупінен 500-ге тарта адам эвакуацияланды деп хабарлады бүгін ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы Руслан Иманқұлов.

Иманқұловтың сөзінше, Ақмола обылсы шегінде, әсіресе Қорғалжын ауданында Нұра өзенінде су деңгейі көтеріліп келеді. Төрт елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан.

Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша, Ағанас ауылында 29 үйді, Қызылжар ауылында екі үйді, Ақмол ауылында үш үйді, Жаңажол ауылында 12 үйді, Жалғызқұдық ауылында бес үйді, Қошқарбаев ауылында екі үйді су басқан.

Қазақстанда соңғы екі аптада су тасқынынан 15 мыңнан астам адам көшірілген. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ондаған елді мекенді су басты. Су тасудан келген шығын әлі есептелген жоқ.

XS
SM
MD
LG