Accessibility links

Мұхаммед Мурси 20 жылға сотталды


Египеттің биліктен құлатылған президенті Мұхаммед Мурси.
Египеттің биліктен құлатылған президенті Мұхаммед Мурси.

Каир соты Египеттің биліктен құлатылған президенті Мұхаммед Мурси мен "Мұсылман бауырлар" қозғалысының 12 жетекшісін 2012 жылы демонстранттардың өліміне қатысы бар деген айыппен 20 жылға соттады.

Мурси мен "Мұсылман бауырлар" жетекшілеріне қарсы іс 2012 жылы желтоқсан айында президент сарайы маңында болған оқиғаларға қатысты қозғалған. Ол оқиғаларда Мурсидің жақтастары наразылық танытушы оппозиция өкілдеріне арандату арқылы шабуылдап, салдарынан 10 адам қаза тапқан.

2013 жылы шілдеде әскерилер биліктен тайдырған Мурси "Мұсылман бауырлары" қозғалысының өзге де жүздеген мүшелерімен бірге басқа да бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталған. Мұхаммед Мурси Александрия қаласына жақын жердегі түрмеде отыр.

XS
SM
MD
LG