Accessibility links

Астанада студенттер сайлауға шақырған акция өткізді


Қазақ гуманитарлық-заң университеті студенттерінің кезектен тыс президент сайлауына қатысуға шақырған акциясы. Астана, 21 сәуір 2015 жыл.
Қазақ гуманитарлық-заң университеті студенттерінің кезектен тыс президент сайлауына қатысуға шақырған акциясы. Астана, 21 сәуір 2015 жыл.

Астанадағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенттері бүгін сайлаушыларды 26 сәуірде өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға шақыратын акция өткізді. "Бір ел - бір тағдыр" деген атаумен өткен акцияға мыңға тарта студент қатысты. Студенттер сайлау өтетін күн "26" санын және жүрек пен қанат белгісін бейнеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүрек пен қанат "жүрекпен таңдау жасауды" білдіреді.

Бұл университет студенттері мұндай акцияларды бірінші рет өткізіп отырған жоқ. 2013 жылы қарашаның соңында, Қазақстан тұңғыш президенті күні қарсаңында аталған университеттің үш мыңға тарта студенті президент Нұрсұлтан Назарбаевқа махаббаттарын білдірген. Университет ректоры, өзін "президенттің досы" деп дейтін Мақсұт Нәрікбаев бастап, ұйымдастырған акцияда студенттер Назарбаевтың жақсы көретін әндерін айтып, би билеген.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG