Accessibility links

Ақ үй армяндар қырғынын "геноцид" деп атамайды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 15 сәуір 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 15 сәуір 2015 жыл.

АҚШ президенті әкімшілігі бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Осман империясында армяндардың жаппай қырылуын "геноцид" деп кесіп айтудан бас тартты. Сәуірдің 24-і күні армяндардың жаппай қырылуына 100 жыл толғанына орай еске алу шаралары өтпекші.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, президент аппаратының басшысы Денис Макдоноу мен президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің көмекшісі Бен Родс АҚШ-та армян қауымының жетекшілерімен өткізген кездесуде "қорқынышты кезеңде қырылған бір жарым миллион адамды еске алатын оқиғаның маңызы" талқыланған.

Америкадағы армян ұлттық комитеті директоры Арам Хампарян комитетке президент Барак Обама 24 сәуірде сөйлейтін сөзінде "геноцид" сөзін қолданбайтынын мәлімдеген.

Азаттыққа берген сұхбатында Хампарян Ақ үйдің хабарына "есеңгіреп қалғандарын" айтты.

Бірқатар тарихшылар мен кейбір елдер Осман империясында миллионнан астам армянның қырылуы мен депортациялануын "геноцид" деп санайды.

Бірақ, Түркия қырылған армяндар саны "асыра көрсетілген" және армяндар империяның христиандық азшылықты жаппай қыру саясатынан емес, "азаматтық соғыс салдарынан қырылды" деуден танбай келеді.

XS
SM
MD
LG