Accessibility links

Министрлік: ЕАЭО-да ортақ валюта құру қарастырылмаған


Қазақстан теңгесі. (Көрнекі сурет)
Қазақстан теңгесі. (Көрнекі сурет)

Еуразия экономикалық одағында (ЕАЭО) валюта одағы мен ортақ валюта құру қарастырылмаған деп мәлімдеді бүгін Астанада брифингте Қазақстан ұлттық экономика министрі орынбасары Тимур Жақсылықов.

"Қазақстан ЕАЭО шеңберінде ортақ валюта енгізу мүмкіндігі жоқ деген берік ұстанымда. Біз бұл мәселені талқыламаймыз. ЕАЭО-да ортақ валюта жасау, валюталық одақ құру ережесі ққарастырылмаған және бұл бағытта жұмыс жасалмайды" деген Жақсылықов.

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения кіретін ЕАЭО аясында 2025 жылға дейін қаржы нарығын реттеуге қатысты заңнамаларды үйлестіру жоспарланып отырғанын айтады.

Наурыз айының соңында Ресей президенті Владимир Путин Астанаға сапарында болашақта Ресей, Қазақстан және Беларусь арасында валюта одағын құру мәселесін қарастыруды ұсынған. Путин "иық тірестіре отырып" "сыртқы қаржы-экономикалық қауіп-қатерлерге жауап беріп, ортақ нарықты қорғау жеңіл болатынын" мәлімдеген.

Қазақстанда Путиннің ұсынысы қарама-қайшы пікірлер туғызған. Кейбір сарапшылар ортақ валюта құру идеясына күмәнмен қарайды.

XS
SM
MD
LG