Accessibility links

Шымкентте жалдамалы пәтерлер беріле бастады


Шымкенттегі шағын аудандардың бірі. (Көрнекі сурет)

Шымкентте 20 жыл мерзімге сатып алу құқығымен жалға беру мақсатында салынған жаңа 1080 пәтердің салынып біткендері иелеріне табыстала бастады.

22 сәуірде қаладағы "Нұрсәт" шағын ауданында тұрғын үй бағдарламасы бойынша салып жатқан 18 пәтер иелеріне берілді. Биліктің дерегінше, 20 жылға жалға берілетін бұл пәтер иелерінің 50 пайызы - жасы 35-ке толмаған жас отбасылар, өзгелері - бюджеттік және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жетімдер, әскерилер мен оралмандар.

Жалға берілетін 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің аумағы 32-69 шаршы метр аралығында. 20 жыл мерзімге кейін сатып алу құқығымен жалға берілген бұл пәтерлердің ай сайынғы төлемдері орташа есеппен 1 бөлмелі пәтерге – 21 мың теңге, 2 бөлмелі пәтерге - 35 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерге – 46 мың теңге.

XS
SM
MD
LG