Accessibility links

Иран келіссөзінің соңғы кезеңі басталды


Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Реза Наджафи (ортада) Венадағы Comurg Palace қонақүйі жанында. Австрия, 22 сәуір 2015 жыл.
Иранның МАГАТЭ-дегі өкілі Реза Наджафи (ортада) Венадағы Comurg Palace қонақүйі жанында. Австрия, 22 сәуір 2015 жыл.

Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне халықаралық санкцияларды жою туралы келіссөз соңғы кезеңіне таяп қалды. АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман, Иран сыртқы істер министрі орынбасары Аббас Аракчи және Еуропа Одағының дипломатиялық қызметі өкілі Хельга Шмидт 22 сәуірде Австрия астанасы Венада келіссөз бастады. Болжам бойынша, келіссөзде сәуірдің басында қол қойылған алдын-ала келісімді пысықтап алу жайы талқыланады.

Ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатқа құрылды деуден танбайтын Тегеран сәуірдің басында уран байытуда қолданылатын центрифугалары санын азайтуға келіскен. Оның есесіне Ираннан экономикалық санкциялар алынып тасталмақ.

Иранның ядролық бағдарламасын шектеу мерзімі мен ядролық нысандарына халықаралық бақылаушыларды кіргізу және басқа да мәселелер маусымның 30-ына дейін нақтылануы тиіс.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Иран және өзге бес державаның сыртқы істер министрлері келіссөзге кейінірек қосылады.

XS
SM
MD
LG