Accessibility links

АҚШ: Йемендегі Иран кемелері бағытын өзгертті


Парсы шығанағында жүрген АҚШ әскери кемелері. 16 сәуір 2015 жыл.
Парсы шығанағында жүрген АҚШ әскери кемелері. 16 сәуір 2015 жыл.

АҚШ билігінің мәліметінше, Йемендегі шииттік хусит көтерілісшілеріне "қару-жарақ тасуы мүмкін" ирандық кемелер бағытын өзгертіп, Йемен жағалауларынан кетіп қалған.

Құпия дереккөздері кемелер кері бұрылып, солтүстікке қарай кеткенін айтады. АҚШ әскерилері қазір кемелердің қозғалысын бақылап отыр.

Соңғы күндері Йемен жағалауларына АҚШ әскери-теңіз флотының "Теодор Рузвельт" авианосеці мен тағы сегіз әскери кеме жөнелтілген. АҚШ президенті Барак Обаманың 21 сәуірде мәлімдеуінше, Ақ үй Тегеранға аймақтағы теңіз жолдары қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді деп, хуситтерді қару-жарақпен қамтамасыз етпеуге шақырған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұған дейін Йеменде хуситтерге қару сатуға эмбарго қойған.

XS
SM
MD
LG