Германия президенті Йоахим Гаук 100 жыл бұрын Осман империясында армяндардың жаппай қырылуын "геноцид" деп атады.
Берлинде 23 сәуірде шіркеуде өткен құлшылықта сөйлеген Германия немістер бірінші дүниежүзілік соғыста Түркияның одақтасы болып, неміс әскери кеңесшілері қырғынды жоспарлауға қатысқандықтан "армяндардың геноцидке ұшырауына жартылай айыпты болады" деді.
23 сәуірде Ереванға жақын маңдағы Вагаршапат қаласында Армян апостол шіркеуінде Осман империясында жаппай қырғын мен депортациядан құрбан болған 1,5 миллионға тарта армянды канонизациялау шарасы өтті.
Армяндар қырғынын еске алудың негізгі шаралары 24 сәуірде атап өтіледі.
Армения Осман империясында миллионнан астам армянның қырылуы мен депортациялануын "геноцид" деп санайды.
Бірақ, Түркия қырылған армяндар саны "асыра көрсетілген" және армяндар империяның христиандық азшылықты жаппай қыру саясатынан емес, "азаматтық соғыс салдарынан қырылды" деуден танбай келеді.