Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Ахрименко көшесі қиылысында салынып жатқан көпір құрылысының бір бөлігі құлауынан 19 адам ауруханаға түсті деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Мадияров. Оның сөзінше, 19-дың үшеуі ауыр жарақат алған. Ауруханаға түскендердің барлығы көпірдің құлаған бөлігінде жұмыс істеп жүрген құрылысшылар.
Нұрлан Мадияров көпір конструкциясының құлағаны туралы ақпарат департаменттің кезекші бөліміне сағат 11:57-де түскенін айтады. Алдын-ала мәлімет бойынша, құрылыс алаңында 52 адам жұмыс істеп жүрген. 32 адам зардап шекпеген. Құтқарушылар тағы бір адамды үйінді астында қалып қоюы да мүмкін деп іздестіріп жатыр. Төтенше оқиға орнында құтқару қызметінің 200-ге тарта адамы, ондаған техника мен із кесуші иттер жұмыс іздеп жатыр.
Көпір құрылысының жұмысы 2014 жылы басталған, құрылыс 2015 жылы аяқталады деп жоспарланған. Айналма көпір жолының ұзындығы 125 метр, ені 11-ден 18 метрге дейін жетеді. Көпір құрылысын "Базис-А" компаниясы жүргізіп жатыр.
Азаттық оқиға орнынан тікелей трансляция жүргізіп жатыр.