Мәскеу облыстық соты Ресей астанасында террорлық шабуыл ұйымдастырмақ болған деп айыпталған Роберт Әмірхановты 17 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Прокурор айыпкерді 19 жылға соттауды сұраған.
Тергеу қорытындысы бойынша, Башқұртстан тұрғыны Роберт Әмірханов топ адаммен бірге Мәскеуде 2013 жылы Жеңіс мерекесі күні жарылыстар жасамақ болған. Роберт Әмірханов жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Күдіктілерді қолға түсіру кезінде топтың екі мүшесі – Махдий Юлдашев пен Гумер Гильванов қаза болған.
Кейінірек бұл іс бойынша тағы бір адам – Юлай Дәулетбаев ұсталған, ол 2015 жылы қаңтарда сот үкімімен сегіз жылға түрме жазасына кесілген.