Қырғызстан энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев кеше Стамбулда Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің электр қуатын сату және тасымалдау жөніндегі CASA-1000 жобасына қатысушы елдер арасындағы кейбір құқықтық құжаттар мен олармен байланысты мәселелерге қатысты түпкілікті мәтіндерін мақұлдау туралы үкіметаралық кеңес қарарына қол қойған.
Сонымен бірге негізгі жобалық келісімдер: Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанның шаруашылық жүргізетін субъектілері арасында электр қуатын сатып алу туралы келісім мен бас келісімге қол қойылған.