Accessibility links

Көпір құлағанда зардап шеккен 11 адам ауруханада жатыр


Алматыда жаңадан салынып жатқан көпірдің құлаған бөлігі маңында тұрған адамдар. 24 сәуір 2015 жыл.
Алматыда жаңадан салынып жатқан көпірдің құлаған бөлігі маңында тұрған адамдар. 24 сәуір 2015 жыл.

Алматыда жұма күні құлаған көпір құрылысын жүргізіп жатқан бас мердігер «Базис» компаниясы құрылыстың негізгі тіреуіштерінің барлығына зардап келмегені туралы мәлімдеген. Бұл туралы компанияға сілтеме жасап Tengrinews сайты хабарлаған. Компания құрылыстағы апат салдарын жоюға жұмсалған шығындарды түгел өтеуге уәде берген.

Сонымен бірге «Базис» құрылыс компаниясы қазір ауруханада жатқан 11 жұмысшымен байланысып отырғанын, олардың емделуіне керекті қаржыны да өз мойнына алатынын хабарлаған. «Жұмысшылардың барлығының жағдайы тұрақты, оларға қауіп жоқ. Компания оларды емдеуге, және кейін қажет болса, сауықтыруға кететін шығынды өз мойнына алып, ақшалай өтемақы төлеуді бастады» делінген компания мәлімдемесінде.

Сәуірдің 24-і күні Алматыдағы Рысқұлов даңғылының Ахрименко көшесімен қиылысында салынып жатқан көпір құрылысының бір бөлігі құлап, 19 адам ауруханаға түскені хабарланған. Қазір арнайы комиссия апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Апат орнынан Азаттық әзірлеген фотогалерея:

XS
SM
MD
LG