Парламент мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева Астанадағы оқушылар сарайныда орналасқан №81 сайлау бөлімшесінде кезектен тыс президент сайлауына дауыс берді деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Бұл сайлау бөлімшесінде Дариға Назарбаеваның әкесі, президенттікке "Нұр Отан" партиясы ұсынған кандидат әрі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та дауыс берген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, 50 жастағы Дариға Назарбаев 2014 жылдың сәуірінен бері "Нұр Отанның" мәжілістегі фракциясын басқарады.
Дариға Назарбаева 2000 жылдардың басында "Асар" партиясын басқарған. "Асар" 2006 жылы "Нұр Отан" партиясымен мен біріккен. Дариға Назарбаева 2007 жылы біраз уақыт саясатта көрінбей кетті. Көпшілік мұны сол кезде дариға Назарбаеваның күйеуі болған Рахат Әлиевке қатысты жанжалмен байланыстырады. Рахат Әлиев осыдан екі ай бұрын Венада қамауда отырған түрмеден өлі күйінде табылған.