Accessibility links

"Қайрат" футзал клубы УЕФА кубогын ұтып алды


"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын иеленген сәті.
"Қайрат" футзал командасының 2013 жылы УЕФА кубогын иеленген сәті.

Футзалдан Алматының "Қайрат" футбол клубы екінші рет УЕФА кубогын ұтып алды. "Қайрат" финалда өткен жылғы чемпион, испаниялық "Барселона" клубын 3:2 есебімен ұтты. Лиссабонда (Португалия) өткен УЕФА кубогының жартылай финалында "Қайрат" Мәскеудің "Дина" командасын ұтқан.

1995 жылы құрылған "Қайрат" клубы Еуропа біріншілігіне 2004 жылы шығып, содан бері жыл сайын жартылай финалға дейін жететін.

Алматының "Қайрат" футзал командасы 11 дүркін Қазақстан чемпионы. 2013 жылғы УЕФА кубогының иегері. 2014 жылы клуб алғаш рет әлем супер кубогын ұтып алған.

XS
SM
MD
LG