Accessibility links

Пәкістанда дауылдан 37 адам қаза тапты


Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).
Пәкістан картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістанның солтүстік-батысында 26 сәуірде тұрған күшті дауылдан кемінде 37 адам қаза тапты. Тағы 200-ге тарта адам зардап шекті. Аймақта бұршақ жауып, ұйтқыған жел тұрған. Хайбер-Пахтунхва провинциясы астанасы Пешавардағы ауруханаларда төтенше жағдай жарияланды.

26 сәуірде күннің екінші жартысында нөсерлеткен жаңбыр басталып, инфрақұрылымға елеулі зардап келтірген. Алдағы уақытта тағы да нөсер жауын жауады деп болжам жасалып, Пешаварға баратын әуе рейстері кейінге шегерілген. Аймақтағы құтқару жұмыстарына әскерилер жөнелтілді.

XS
SM
MD
LG