Accessibility links

Путин Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президент қызметіне қайта сайлануымен құттықтап, "екі жақты байланыстарды ары қарай нығайту және Еуразия экономикалық одағы бойынша ары қарай да бірлесе жұмыс істей беруге дайын екенін білдірді" деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Путиннің құттықтау телеграммасында "дауыс беру нәтижесі Назарбаевтың қазақстандықтар арасындағы беделі жоғары екенін көрсетеді" делінген.

Кремльдің бағалауынша, қазақстандықтар сайлау арқылы Назарбаевтың мемлекетті әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жедел дамыту, еуразиялық интеграциялық процесстерге белсенді қатысу және Ресеймен одақтастық, стратегиялық әріптестікті нығайту саясатын қолдайтынын көрсеткен.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өткен. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала мәліметі бойынша,сайлауда қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 97,7 пайыз даусын жинап, жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG