Accessibility links

Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарды


Қазақстанның өкілеттігін доғарған премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстанның өкілеттігін доғарған премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің өз өкілеттігін доғаруына байланысты "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" жарлық шығарды деп хабарлады Ақорда Twitter-дегі парақшасында.

Назарбаев бұған қоса "Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары туралы" да жарлық шығарған.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада анта қабылдап, қызметіне қайта кіріскен.

Қазақстан конституциясы бойынша, президент қайта сайланған, я ауысқан жағдайда үкімет өкілетін доғарады. Парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларымен кеңескеннен кейін президент мәжіліске премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Мәжіліс кандидатты қолдаса, президент оны премьер-министр етіп тағайындайды. Жаңа премьер-министр он күн ішінде президентке үкімет құрамы туралы өз ұсынысын білдіруі тиіс.

XS
SM
MD
LG