Accessibility links

Құқық қорғаушы Сағымбаев сотқа тартылып жатыр


Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.
Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев.

Құқық қорғаушы Талас Сағымбаев Азаттыққа бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық № 2 сотында өзіне қатысты айыптау актісімен танысқанын хабарлады.

Құқық қорғаушыға қылмыстық кодекстің 430 бабы ("сот үкімін орындамау") бойынша айып тағылып отыр. Сағымбаевтың сөзінше, іс өзіне қатысты 2011 жылы қазан айында сот үкімін орындамауға байланысты қозғалған. Ол үкім бойынша Сағымбаев «300 мың теңге өтемақы төлеу, БАҚ-та терістеу мақала жариялап, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған хатын кері қайтарып алуы» тиіс болған.

Талас Сағымбаев 2009 жылы «Время» газетіне, 2010 жылдың ақпан айында «КТК» телеарнасына берген сұхбатында премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовті "кәсіпкерлерге қарыз» деген еді. Кейін Қажымқан Мәсімов Сағымбаевтың үстінен "ар-намысыма тиетін ақпарат таратты" деп шағымданған.

Сот сонымен бірге «Время», «КТК» арналарына байланысты да шешім шығарып, олардың осыған дейін Мәсімов туралы шыққан ақпараттарын терістеуді талап еткен.

Бірақ өзінің үкіммен келіспейтіндігін айтқан Талас Сағымбаев оны орындаудан бас тартқан. Бұдан соң сот орындаушылары құқық қорғаушының атына сотқа шағым түсірген. Қылмыстық кодекстің аталмыш бабымен айыпты деп танылғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG