Accessibility links

Непалда зілзала құрбандары 6600 адамнан асты


Зілзаладан құлаған ғимарат қирандысы астында бес күн жатқан адамды тапқан құтқарушылар оны көлікке салып жатыр. Катманду, Непал, 30 сәуір 2015 жыл.
Зілзаладан құлаған ғимарат қирандысы астында бес күн жатқан адамды тапқан құтқарушылар оны көлікке салып жатыр. Катманду, Непал, 30 сәуір 2015 жыл.

Непалда өткен аптада болған зілзаладан қаза тапқандар саны, ресми мәлімет бойынша, 6621 адамға жеткен. Опат болғандар арасында кемінде 50 шетел азаматы бар. Табиғи апаттан 14 мың адам жарақат алған. Непалға Еуропа елдерінен барған мыңға жуық альпинист хабарсыз кеткендер санатында.

Непал билігі қазіргі уақытта негізгі назар зілзаладан қатты зардап шеккен аймақтарға, олардың ішінде бірінші кезекте Долакха мен Синдхупалчокқа азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге аударылып отырғаны туралы мәлімдеген.

Непал ішкі істер министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, жер сілкінісінен кейін бір апта өткенде одан тірі қалғандарды табуға үміт азая түскен.

БҰҰ деректері бойынша, 28 миллион адам тұратын Непалда сәуірдің 25-і күні болған күшті жер сілкінісінің зардабы 8 миллион адамға тиген. Екі миллионға жуық адам паналайтын шатыр, азық-түлік пен дәрі-дәрмекке мұқтаж болып отыр.

XS
SM
MD
LG