Accessibility links

Қазақстандық дирижер Шамғон Қажығалиев дүниеден өтті


Қазақстанның әр аймағынан жиналған мұражайдағы домбыра үлгілері. (Көрнекі сурет)
Қазақстанның әр аймағынан жиналған мұражайдағы домбыра үлгілері. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық алғашқы кәсіби дирижер, домбырашы, СССР халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиев бүгін қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат құралдары хабарлады.

Шамғон Қажығалиев 1927 жылы маусымның 15-і күні Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан айырылған ол балалар үйінде тәрбиеленген.

1950 жылы Алматы консерваториясының халық аспаптар факультетін домбыра және скрипка кластары бойынша бітірген, 1964 жылы Ленинград консерваториясының опера-симфония дирижері факультетін профессор Э.Грикуровтың класы бойынша тәмамдаған.

Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болды, сол уақытта оркестрмен бірге шетелдерге шығып, қазақ өнерін дүние жүзіне танытуға үлес қосты. Сонымен бірге, Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып жұмыс істеді.

Ол Қарағандының Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің негізін қалаған.

Шамғон Қажығалиев 1953 жылы Бухаресте өткен Жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты атанды. Қазақстан мемлекеттік сыйлығымен, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

XS
SM
MD
LG